Чикагода шырша жағу рәсімінде атыс болып, жеті адам жараланды

Фото: Видеодан скрин

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың Чикаго қаласының орталығында рождестволық шыршаны жағу рәсімінен кейін болған атыс салдарынан кемінде жеті адам жарақат алды, деп хабарлайды БЕЛТА.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, зардап шеккендердің барлығына оқиға орнында медициналық көмек көрсетіліп, кейін ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Бұдан бөлек, ABC News мәліметінше, Солтүстік Каролина штатына қарасты Конкорд қаласында да жыл сайынғы рождестволық шыршаны жағу рәсімі кезінде атыс болып, төрт адам жараланды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген, олардың үшеуінің жағдайы ауыр көрінеді.

Еске салсақ, Аустрияның Грац қаласындағы орта мектепке қарулы шабуыл жасалды. Өкінішке қарай 10 адам, оның ішінде шабуыл жасаушының өзі де, қаза тауып, 12 адам жараланды.

Бұдан бұрын Бұған дейін Түркістан облысында отбасылық жанжал атыспен аяқталғаны хабарланған болатын.