Бұл туралы қалалық полицияға сілтеме жасап NBC телекомпаниясының жергілікті филиалы жазды.
Дерекке қарағанда, қаза тапқандар - 16 және 17 жастағы екі студент. Олар мектептен шыққан кезде екі көлік келіп, одан бірнеше адам шығып, оқ жаудырған. Зардап шеккендер ауыр халде ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер оларды аман алып қала алмады.
Полиция әзірге күдіктілердің ұсталғаны немесе олардың кім екені туралы хабарлаған жоқ.
Оқиғаға байланысты тергеу басталды.