Ел астанасы Сантьягода жастар тәріп сақшыларына тас пен жанғыш сұйықтығы бар шөлмек лақтырып, тәріпсіздіктер жасаған. Қақтығыстарда 7 полицей жараланып, 54 студент тұтқынға алынды. Ашуға ерік берген жұрт көшелердегі қоқыс жәшіктерін өртеп, электр сымдарын үзген. Құқық қорғаушылар наразы топты таратпақ болып, оларға су шашып, көз жасаурататын газ қолдануға мәжбүр болды. Студенттер білім саласында ауқымды реформалар жасауды талап етіп отыр. Соңғы келіп түскен деректерге қарағанда, қазір ел аумағында көптеген жоғарғы оқу орындары мен мектептер жабық тұр, деп хабарлайды 24.kz.