Бұл туралы испандық Sport портал жазды.
Бразилиялық Пауло Гонсалвеспен кездесуі кезінде, 6:4, 2:1 есебімен Сегель ұтып жатқан шақта трибунада отырған әкесінің жағдай күрт төмендеген. Ол сол маңдағы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірін ажалдан арашалап қала алмады.
Төреші ойынды жалғастыруға шақырған. Бірақ екінші сетте есеп 4:4 болып тұрған кезде чили спортшысы кортты тастап шықты. Қорытындысына жеңіс оның қарсыласына бұйырды, деп хабарлайды ТАСС.