Чилиде 51 көлік соқтығысқан: 20 адам зардап шегіп, бес адам қаза тапты

АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - Чилидегі тұман 51 көлікттің соқтығысуына себеп болған.

Associated Press агенттігіне сілтеме жасай отырып, РБК агенттігінің хабарлағынындай, апат салдарынан кем дегенде 20 адам зардап шегіп, бес адам қаза тапты.

Оқиға ел астанасы Сантьяго мен Вальпараисо қаласының ортасындағы магистраль жолында болған.

Куәгерлердің айтуынша, тұманнан жолдағы 10 метр қашықтық әрең көрінген. Жолда келе жатқан көліктің бірі тежегішті қатты басып, аяқ астынан тоқтап қалған. Соның салдарынан оның артында келе жатқан 23 жүк көлігі, 11 автобус пен 17 жеңіл көлік соқтығысқан.

Оқиға орнына Чилидің көлік министрі Педро Эрразурис келіп, жол қозғалысын қалпына келтіруді бақылауға алған.

Қолда бар мәліметтерге жүгінсек, зардап шеккендердің барлығы жақын маңдағы медицина мекемелеріне жеткізілді. Елдің денсаулық сақтау министрі зардап шеккендерге көмек беруді жеке тексеруде. Қаза тапқандардың саны артуы да мүмкін.