Чилиде 6,5 балдық жер сілкінісі болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чилиде 6,5 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Немістің Жерді зерттеу орталығына сілтемемен ТАСС хабарлады.

Мәлімет бойынша, жерасты дүмпуінің ошағы Чили жағалауының орталық тұсында Ла-Серена қаласынан оңтүстікке қарай 18 км тереңдікте орналасқан.

Ғимараттардың қирағаны және адамдардың қаза болғаны туралы ақпарат жоқ.