Чилиде A (H1N1) тұмауынан алғашқы адам өлімі тіркелді
08:35, 03 Маусым 2009
САНТЬЯГО. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат - Чили өкіметі A (H1N1) тұмауының салдарынан алғашқы адамның қайтыс болғанын сейсенбі күні ресми қуаттады.
Әлем бойынша бұл індеттің құрбандарының саны 100-ден асып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.Чилиде 199 адамның «доңыз тұмауын» жұқтырғандығы туралы ресми мәлімет бар, олардың екеуінің жағдайы ауыр.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы ақпараты бойынша, A (H1N1) тұмауын әлемнің 62 елінде 17 410 адам жұқтырған, 115 адам осы аурудан қайтыс болған.