Чилиде әскери ұшақ құлады, құрбандар бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чили қарулы күштерінің тікұшағы ел орталығындағы тауларға құлады. Bío Bío радиосының сайтында хабарлағандай, оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, бес адам зардап шекті.

Оқиға Андадағы Портильо тау-шаңғы курортының маңында орын алды. Тікұшақ сол жердегі антеннада қызмет көрсету жұмыстарын орындауға бет алған.

Жағдайдың мән-жайы анықталуда. Орынға құтқарушылар жетті, деп хабарлады ТАСС.