Президент орынтағына негізі үміткерлер «Жаңа көпшілік» солшыл коалициясынан үміткер, елдің бұрынғы президенті Мишель Бачелет пен «Альянс Чили үшін» солшыл-орташыл партиядан үміткер Эвелин Маттеи деп саналуда. Қоғамдық пікір сауалдамасының нәтижесі бойынша 2006-2010 жылдары ел басқарған М.Бачелеттің мүмкіндігі мол.
Чили конституциясы президенттік орынтаққа қатарынан бір мерзімнен артық сайлануға тыйым салады, бірақ та үзілістен кейін қайтадан дауысқа түсуге кедергі жасамайды. Қалған үміткерлер олардан едәуір кейін қалып келеді. Президенттік додаға барлығы 9 адам қатысуда.
М.Бачелет пен Э.Маттеи 1973 жылғы генерал Аугусто Пиночеттің басқаруымен билікке келген әскери хунта төңкерісінен кейін бір-біріне қарсы ұстанымдағы генералдардың қыздары. М.Бачелеттің әкесі төңкерістен кейін әскери-әуе күштері академиясының түрмелерінде азап шекті, бұл академияның басшысы Альберто Маттеи болған еді. Бірақ та соңғысы өз атына айтылған айыптауды мойындамайды, оған түсініктеме бермейді және жұрт алдына да шықпайды.
Әлеуметтанушылардың бағалауынша, президенттік сайлау екі турда өтуі ықтимал. Дегенмен, М.Бачелеттің алғашқы турда-ақ жеңіске жетуіне мүмкіндігі бар.
Чилиде 18 жасқа толған және қылмыстық қудалауға ұшырамаған барлық азаматтардың дауыс беруге құқығы бар. Халықтың жалпы саны 17 млн. 402 мың адамды құрайды. Ел президенті 4 мерзімге сайланады.