Мұнда бес адам - төрт жергілікті тұрғын мен бір турист қаза тапты. Тағы 15 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында, деп хабарлайды Euronews .
Құтқарушылар тірі қалған адамдарды табу мақсатында қираған үйлерді аралауда.
Алапат селдің болуына тоқтаусыз жауған жаңбыр себеп болды. Вилла-Санта-Люсия Чилидің Лос-Лагос облысына қарайды. Сондай-ақ Корковадо ұлттық паркімен шектесіп жатыр.