Чилиде жер сілкінді

АСТАНА. 7 қаңтар. ҚазАқпарат - Чилидің солтүстік бөлігінде күші 5,8 балдық жер сілкінісі болды.

Жер асты дүмпулерінің ошағы Икике қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай жүз шақырым жерде орналасқан.

Зардап шеккендер мен қирандылар жайлы мәліметтер жоқ, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.