Чилиде жер сілкінісі болды
19:17, 08 Желтоқсан 2011
АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат. Чилиде, Атакамның әкімшілік аймағында 6,1 магнитудалы жер сілкінісі болды. АҚШ-тың Геологиялық қызметі хабарлағандай, жер асты дүмпулері 15,6 шақырым тереңдікте анықталды.
Жер сілкінісінің орталығы Чилидің астанасы Сантьяго қаласынан 619 шақырымда болды. Құрбан болғандар мен қаза тапқандар жоқ.