Чилиде жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Чилиде жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Оқиға саларынан жеті адам көз жұмса, 15 адам әртүрлі деңгейде жарақат алған.

Бұл туралы жергілікті БАҚ ақпаратына сілтеме жасай отырып, Утро.ру агенттігі жазады.

Журналистердің мәліметтеріне сүйенсек, Антофагаст қаласынан 150 шақырым жерде B-475 тас жолында Баррик Сальдивар темір кен орнының 50-ге жуық шахтерін алып бара жатқан МСІ фирмасының автобусы жоғары жылдамдықпен келе жатып, жолдың жиегіне шығып кетіп, аударылған.

«Жол-көлік апатынан жеті адам қаза тапты. 15-тен астам адам ауруханаға жеткізілді, оның екеуі өте ауыр халде», - деген төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық қызметтің жетекшісі Ирина Сальгадо.