Чилиде жойқын жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чиилиде магнитудасы 6,2 жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропа-жерортатеңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады.

Мәліметтерге сүйенсек, зілзала ошағы Чили астанасы - Сантьяго қаласынан солтүстікке қарай 326 км жерде. Тереңдігі 29 км болған.

Әлемдік БАҚ-тардың хабарлауынша әзірге зардап шеккендер мен құрбан болғандар туралы мәлімет жоқ.