Чилидегі сайлау: Хосе Антонио Каст ел президенті болып сайланды
АСТАНА. KAZINFORM — Чилиде 14 желтоқсан, жексенбі күні өткен ұзаққа созылған сайлау науқанының қорытындысы бойынша Хосе Антонио Каст Республика президенті болып сайланды, деп хабарлайды жергілікті Тvn.cl телеарнасы.
Сайлау комиссиясы (Servel) кешкі сағат 19:00-ден кейін жаңартқан деректерге сәйкес, дауыстардың 25 пайыздан астамы есептелген кезде республикалық кандидат Хосе Антонио Каст 59,83% дауыс жинады. Оның қарсыласы Жанетт Хара («Чили үшін бірлік» коалициясы) 40,17% дауыс алды.
Cadem және Pulso Ciudadano орталықтары сауалнамаларының деректеріне сүйенсек, 29 қарашада жарияланған Cadem компаниясының атты соңғы сауалнамасына сәйкес, Хосе Антонио Каст 58% қолдауға ие болып, Жанетт Харадан 16 пайыздық межеде алда болған. Осы сауалнамада Жанетт Хара 42% нәтиже көрсеткен.
Сонымен қатар дәл сол күні Pulso Ciudadano компаниясы ұсынған алдын ала электоралдық болжамға сәйкес, Хосе Антонио Каст жарамды дауыстардың 58,9%-ын алуы мүмкін екені, ал Жанетт Хара 41,1% дауыс жинауы ықтимал екені көрсетілген.
Еске сала кетсек, бұған дейін Чилиде президент сайлауының екінші туры басталғанын жаздық. Мемлекет басшысы лауазымына солшыл күштер коалициясынан үміткер Жанетт Хара және консервативтік республикалық партияның кандидаты Хосе Антонио Каст таласқан еді.