Чилидегі күшті зілзаладан кейін цунами қатері жарияланды

None
АСТАНА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат - Бүгін, ақпанның 27-сінде Чили жағалауларында болған күшті зілзаладан кейін туындауы ықтимал қуатты цунами қаупі Чилиге, Эквадорға және Перуге төніп тұр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.Ру сайтына сілтеме жасап.

АҚШ-тың Ұлттық геологиялық қызметінің хабарлағанындай, зілзаланың кіндігі Консепсьон қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 91 шақырым қашықтықта және Сантьяго қаласынан 339 шақырым жерде орналасқанын естеріңіге саламыз. Зілзала ошағы 55 шақырымдық тереңдікте орын алған. Куәгерлер қуатты жерасты дүмпуінің 30 секундқа жуық созылғанын хабарлайды.