АСТАНА. ҚазАқпарат - Чилидегі Вина-дель-Мар курорттық қаласын шарпыған орман өрті салдарынан кем дегенде екі адам қаза тапты. Тағы 30 адамды күйік шалып, дене жарақатын алған. 130-ға жуық үй толығымен қирап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews арнасына сілтеме жасап.
Өрт бейсенбі күні қаланың таулы ауданында шыққан. Желдің екпіні 50 км/сағ-қа дейін жетсе, өрт тез таралып, шамамен 125 гектар аумақты шарпыды. Бірнеше ауданның тұрғындарын эвакуациялауға тура келді.
Чили президенті Габриэль Борич елде төтенше жағдай жариялады.