«2017 жылдың 18 қыркүйегі күні бақташы қазақтар өздерінің сиыр, қой, жылқы, түйе және басқа да малдарын Қытайдың солтүстік батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономды өлкесіндегі Фуюнь уезіндегі қыстақтарына (Алтай аймағы Көктоғай ауданы) қарай айдады. Бұл қазақ малшылардың қыркүйек айындағы мал-мүліктерімен жайлаудан қыстауға дәстүрлі көшуі - суық пен алғашқы қар жауғанға дейінгі жаңа орынға орнығып алуына мүмкіндік береді», - деп жазылған басылым жариялаған фотосуреттердің астында.
13:12, 19 Қыркүйек 2017
China Daily шыңжаңдық қазақтардың күзеулікке көшуінен фоторепортаж жариялады
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚХР-ының ағылшын тілді China Daily жетекші басылымы шыңжаңдық бақташы қазақтардың жазғы жайылымнан күзеулікке көшуінен фоторепортаж жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы тілшісі.