ЧЛ: «Астана» футболшылары «Селтик» командасына гол салды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чемпиондар лигасының біліктілік турында шотландиялық 'Селтик' командасына қарсы кездесу өткізіп жатқан 'Астана' ФК бірінші таймда есеп ашып, алға шықты.

Голды ойынның 17-минутында Юрий Логвиненко салды.

Ойынды өте белсенді бастаған "Астана" командасы толассыз шабуылдар жасады. Прессингке қарсы тұруға тырысқан "Селтик" ойынға иелік ете алмауда. Дегенмен ара-тұра өткір шабуылдарға шығуға тырысып бағуда. Бірақ елордалық футболшылар өте жоғары ойын өрнегімен қарсыластардың мысын басып тастады.

    

ФОТО: Даурен Мухаметжанов © 2016 «ҚазАқпарат»