ЧЛ: «Астана» мен «Селтик» тең түсті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чемпиондар лигасының үшінші біліктілік турында 'Астана' командасы мен шотландиялық 'Селтик' тең тарқасты.

Алғашқы голды бірінші таймда ойынның 17-минутында Юрий Логвиненко салған болатын. Дегенмен екінші таймда қарсыластар сапынан Л. Гриффитс есепті теңестіріп кетті. Қорытынды есеп - 1:1.

Ойын толығымен "Астана" футболшыларының басымдығымен өткен болатын. "Селтик" қарымта шабуылдарға иек артқанымен, шабуылдары мардымсыз көрінген. Алайда шотландиялықтар Астанадан нәтиже алып кетті.

Келесі қарымта кездесу бір аптадан соң, Глазгода өтеді.

     

ФОТО: Виктор Федюнин © 2016 «ҚазАқпарат»