Елордалық "Астананың" үшінші кезеңде қарсыласы атануы мүмкін команда анықталды. Егер "Астана" командасы 18 шілде күні «Спартак» клубына қарсы өтетін жауап ойынында жеңіске жетсе, "Мариехамн" (Финляндия) - "Легия" (Польша) клубтарының жеңімпазымен ойнайды.
Қос команда арасындағы бірінші ойында польшалық клуб 3:0 есебімен жеңіске жеткен. Ал «Астана» командасы сырт алаңдағы бірінші ойында "Спартакты" 1:0 есебімен ұтқан еді. Қарымта 19 шілдеде өтеді.