24 ақпан күні өткен бірінші ойында қос команда бір-бірінің қақпасына екі голдан салып, тең тарқасқан еді. Қарымта кездесуде қай жеңгені ширек финалға шығатын болғандықтан да ойын өте тартысты өтті.
Негізгі уақытта бұл жолы да есеп 2:2 болып аяқталды. Сондықтан төреші «экстра таймда» жеңімпаз анықталуы тиіс деп шешті. Қосымша уақытта екі гол жіберіп алған «Ювентус» жеңілістің кермек дәмін татты.
Айта кетейік, осыдан бірер сәт бұрын «Барселона» командасы екінші рет лондондық «Арсеналды» тізе бүктіріп, ширек финалға жолдама алды. Бұған дейін Чемпиондар лигасының ширек финалына француздық «ПСЖ», португалдық «Бенфика», немістің «Вольфсбургі», мадридтік «Реал» және «Атлетико», сондай-ақ ағылшынның «Манчестер Сити» командасы шыққан болатын. Енді бұл қатарды «Бавария» толықтырды.