Ливерпульдіктердің финалда көпшілік үміт артқан басты жұлдызы Мұхаммед Салах доп үшін күрес кезінде жерге қолайсыз жығылып, иығын жарақаттап алды. Өкінішке қарай, ойынды жалғастыра алмайтын болып, оның орнына бапкер Юрген Клопп Адам Лаллананы шығарды.
Өз кезегінде, көп кешікпей, мадридтіктер сапында да мәжбүрлі өзгеріс болды. Тобығынан жарақат алған оң қанаттың негізгі латералі Даниэль Карвахаль да көз жасын тыя алмай, ойынды тастап кетті. Оның орнына Начо Фернандес ойынға қосылды.
Ал голдар бойынша бірінші таймда есеп ашылмады.