ЧЛ финалы соңғы алты жылда алғаш рет Месси мен Роналдусыз өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барселона» Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Ливерпульден» ұтылып, ойыннан шықты (0:4, 3:0 - алғашқы матч), деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА SPORTINFORM-ға сілтеме жасап.

2013 жылдан бергі Чемпиондар лигасына алғаш рет Лионель Месси мен Криштиану Роналду қатыспайды. Бұл кезеңде Месси финалда бір рет, Криштиану - төрт рет ойнады. Айта кетерлігі, олардың қатысуынсыз өткен соңғы финал 2012/13 маусымындағы дортумандық «Боруссии» мен «Баварияның» (1:2) матчы болды.

Биыл «Ливерпуль» финалда «Тоттенхэм Хотспур» - «Аякс» жұбындағы қай жеңген командамен ойнайды.