«Реал» қарымта кездесуде италиялық «Наполи» командасын 3:1 есебімен ұтты. Естеріңізде болса 16 ақпан күні өз алаңында өткен алғашқы ойында да корольдік клуб ойыншылары италиялықтарды дәл осындай есеппен жеңген болатын.
Сондай-ақ, Мюнхеннің "Бавариясы" лондондық "Арсеналды" Чемпиондар лигасы 1/8 финалының қарымта кездесуінде тас-талқан етіп ұтты.
Ойын Лондондағы "Эмирейтс" стадионында өтті. Мыңдаған жанкүйерлерінің алдында «Арсенал» 5:1 есебімен ойсырай жеңілді. Естеріңізде болса, Бундеслига чемпионы "канонирлерді" алғашқы матчта өз алаңында дәл осындай есеппен тізе бүктірген еді.
Бұл бүгінгі екі матчтағы бірінші ұқсастық емес. Ширек финалға шыққан екі команда да ойынның бірінші таймында жеңіліп жатқан еді. Алайда, екінші кезеңде екеуі де ойын өрнегін өзгерте біліп, айқын жеңіске қол жеткізе алды.