ЧЛ: Үшінші іріктеу кезеңінің барлық жұбы белгілі болды: «Ақтөбе» «Стяуамен» ойнайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шыққан барлық командалардың қарсыластары белгіленіп, жұпталды. Бұл кезеңнің алғашқы кездесулері 29-30 шілде аралығында өтеді, ал қарымта кездесулері 5-6 тамызға жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан чемпионы - "Ақтөбе" футбол клубы бұған дейін өз алаңында тбилисилiк "Динамо" командасын 3:0 есебiмен тiзе бүктiріп, үшінші кезеңге жолдама алған болатын. Олардың бұл жолғы қарсыласы румыниялық "Стяуа" командасы болып белгіленді.

Жұптар:

"Карабах" (Азербайжан) - "Зальцбург" (Австрия)

"Дебрецен" (Венгрия) - БАТЭ (Беларусь)

"Слован" (Словакия) - "Шериф" (Молдавия)

"Ольборг" (Дания) - "Динамо" (Загреб, Хорватия)

"Легия" (Польша) - "Селтик" (Шотландия)

"Ақтобе" (Қазақстан) - "Стяуа" (Румыния)

"Марибор" (Словения) - "Маккаби" (Тель-Авив, Израиль)

ХИК (Финляндия) - АПОЕЛ (Кипр)

"Спарта" (Чехия) - "Мальме" (Швеция)

"Лудогорец" (Болгария) - "Партизан" (Сербия)

"Днепр" (Украина) - "Копенгаген" (Дания)

"Фейенорд" (Нидерланды) - "Бешикташ" (Турция)

"Грассхоппер" (Швейцария) - "Лилль" (Франция)

"Стандард" (Бельгия) - "Панатинаикос" (Грекия)

АЕЛ (Кипр) - "Зенит" (Ресей).