Бұл туралы аталған аукцион компаниясының өкілдері айтты.
Саудадан түскен пайда 99,4 млн фунтты ($170 млн) құрады. Ең қымбат лот болып Фрэнсис Бэконның " Люсьен Фрейдтің бас эскизі" (Study for Head of Lucian Freud) суреті бағаланды. Ол 11,5 млн фунтқа ($19,6 млн) сатылды.
Шотландиялық суретші Питер Дойг "Керуен сарай" (Gasthof) картинасы 9,9 млн фунтқа ($16,9 млн) өтті. Бұл шебер еңбектерінің ең жоғары бағасы.
Француз суретшісі мен мүсіншісі Жан Дюбуффенің "Қызықты ғылым" (La gai savoir) шығармасы 4 млн фунтке ($6,8 млн) сатылып, баға әлемдік рекордқа айналды.
Итальяндық суретші Микеланджело Пистолетто "Ғашықтар" (Amanti) туындысы 2,3 млн фунтқа ($3,9 млн) сатылды.
Трейси Эминнің "Менің төсегім" инсталляциясы да назардан тыс қалмады. Оның құны 2,5 млн фунт ($4,3 млн) болды. Бұл суретшінің еңбегі үшін төленген ең жоғары баға.