Жол апаты 2012 жылы болған, онда Ремингтон Уолден есімді 4 жасар бала қаза тапты. Онда Jeep Grand Cherokee көлігі пикапқа соғылып, өртеніп кеткен. Өрттің тез тұтануына автомобильдің зауыттан жіберген қателігі себеп болған.
Сотта алқабилер жол апатында жүргізушінің кінәсі бір-ақ пайыз, көліктің тез өртенуіне компания 99 пайыз кінәлі деп тапқан.
2013 жылы Chrysler компаниясы АҚШ прокуратурасының қысымымен аталған көліктің 1,56 миллион данасын зауытқа қайтаруға мәжбүр болды. Себебі, автомобильдің бензин бактары соққыға төтеп беретін затпен қорғалмаған. Сол себепті көлік тез өртенеді, дейді мамандар.
Chrysler FCA US компаниясының өкілі сот үкіміне келіспей, аппеляциялық шағым келтіретінін мәлімдеді.