«Чукотка» барындағы төбелес: Кузнецовтың қайда кеткенінен жақындары хабарсыз

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  Александр Кузнецовтың қайда кеткенінен жақындары хабарсыз. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қорғаушы Алма Мусина айтты.

«Мен әзірге оның қайда екенін білмеймін. Жақындары да білмейді. Сондықтан, біз оны елден кетті деп айта алмаймыз», - деді Алмас Мусина.

Қорғаушының айтуынша, енді Кузнецовтың ісін Қазақстанда белгілі бір құқық қорғау ұйымы өз бақылауына алған.

«Маған жеткен ақпаратқа сәйкес, сол ұйым Кузнецовтың ісін бақылайтын болады. Оның елден кеткені, тараптардың әрекеті, Кузнецовқа қандай жаза қолданылуы мүмкіндігі бақылауда болады. Олар іске араласпайды. Бірақ бақылайтын болады. Мұның нақтысын бүгін түсте Кузнецовтың достарымен кездесуде анықтайтын боламын. Қандай ұйым екені маған белгісіз», - деді Алмас Мусина.

Айта кету керек, жақында бірқатар БАҚ-та Александр Кузнецовтың елден қашып кеткені жарияланған болатын.

15 тамызда 16:00-де Талдықорған қаласында Алматы облыстық соты өз қаулысының толық мәтінін оқуы тиіс еді.

Алматы облыстық сотының апелляциялық алқа судьясы Қанат Жантасов тараптарды тыңдай келе, Қапшағай қалалық сотының үкімін жарамсыз етіп, Александр Кузнецовты колонияға қайтару туралы шешім шығарған болатын. 

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы «Чукотка» барының алдындағы төбелес кезінде Сырым Мұратқалиев көз жұмды. Сол жылдың маусымында бірінші инстанция соты Кузнецовты абайсызда адам өлтіріп алғаны үшін 1,5 жылға бас бостандығынан айырған еді. Кейінірек, Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы «Адам денсаулығына қасақана нұқсан келтіру арқылы адам өліміне әкеп соқтыру» бабымен 8 жылға бас бостандығынан айырды. Кузнецов жазасын Алматы түбіндегі Заречный ауылындағы түрмеде өтеп жатқан.

Соңғы жаңалықтар