Чжоу Ли: Қазақстан - өңірдегі қуатты держава

None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай Компартиясы Қазақстанның басқарушы партиясымен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовпен келіссөз барысында Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Халықаралық бөлім меңгерушісінің орынбасары Чжоу Ли мәлімдеді.

«Біз әлемнің 180-нен астам елдерінің 600-ден астам саяси партияларымен тығыз байланыстамыз. Негізінен мемлекеттік басқару тәжірибесімен алмасамыз(...) Біз өз арамызда диалог бойынша тұрақты тетік құруымыз қажет. Екі партияның жоғарыда тұрған делегацияларымен тәжірибе алмасу әр екі жыл сайын жүзеге асырылып отырады деп үміттенеміз», - деді ол. Оның айтуынша, ҚКП Лаос, Камбоджа, Мьянма,Үндістан, Пәкістан, Индонезия, Маолайзия, Сингапур және басқа да елдерімен осындай тұрақты алмасуды қолдайды. «Біз Орталық Азия елдерімен тұрақты партиялық байланысты реттеп болған жоқпыз. Бұл жағынан қуатты өңірлік держава саналатын Қазақстанға деген біздің ынта-ықыласымыз ерекше», - деп атап өтті Чжоу Ли. ҚКП жоғарыда тұрған өкілі өңірлік партиялық ұяшық, БАҚ, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалар деңгейінде ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды. Еске сала кетейік Чжоу Ли әр жылдары КСРО-дағы, РФ-дағы ҚХР елшілігінде жұмыс істеді, Украинадағы (2007-2010 жж), Қазақстандағы (2010-2013 жж.) Қытай дипломатиялық өкілдіктерін басқарды. Осы сапар барысында қазақстандық делегация құрамына «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Саяси кеңес Бюросының мүшесі, Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша республикалық қоғамдық кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов, Партия Төрағасының Бірінші орынбасары кеңесшісі Берік Құрманғали, партияның саяси менеджмент мектебінің директоры Әсет Абдулаев кірді.