Талқылау Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде Дариға Назарбаеваның жетекшілігінде өтті.
2011 жылы Бағдарламаның бірінші кезеңі - телехабар таратудың цифрлық жерсеріктік желісін құру, сонымен қатарластыра 2015 жылға дейін есептелген телехабар таратудың цифрлық эфирлік желісін құрудың екінші кезеңі іске асырыла бастады.
2011 жылдың қаңтарынан «OTAU TV» спутниктік телетарату ұлттық желісі іске қосылып, 37 қазақстандық теле және 7-радио арналардан тұратын тегін қолжетімді топтама құрылды.
Мемлекет басшысының мемлекеттік хабар таратумен бұрын қамтылмаған 420 елді мекендерді мемлекеттік телеарналарға қол жеткізуін ұйымдастыру туралы тапсырмасы орындалды.
Қазақстан Республикасында Цифрлық телехабар таратуды енгізу бағдарламасын іске асыруды:
1. Мемлекет Басшысының еліміздің барша халқын жоғары сапалы хабар таратуды қамтамасыз етумен отандық телеарналарға қол жеткізуін қамту бойынша тапсырмасын орындауды;
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттердің 2015 жылға цифрлық эфирлік телехабар таратуға өту бойынша «Женева 2006» халықаралық келісімін орындауды;
3. Қазақстандық телеарналардың бағдарламаларын насихаттауды және Интернет-хабар тарату арқылы Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан қазақ диаспораларының ақпараттандыруын көтеруді;
4.Қосымша интерактивті қызмет көрсетулерді жасау және ұлттық телерадио хабарларын тарату желісі арқылы халықтың электронды қызметтеріне қол жеткізуді;
5.Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз етеді.
Парламентшілердің сұрақтарына мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев, «Қазтелерадио» АҚ басқарма төрағасы Абай Қыдыралиевтер жауап берді.