Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлері тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасарлары тағайындалды.

ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібіминистрлігінің ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі болыпқайта аталуына байланысты, ҚР Үкіметінің қаулысымен цифрлық даму, инновацияларжәне аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлері қызметтеріне Марат РахмалыұлыНұрғожин, Асхат Елубайұлы Оразбек, Абылайхан Есенұлы Оспанов, Дарын ШылбыұлыТұяқов тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Марат Нұрғожин 1957 жылы Ақмола облысында дүниегекелген. Н. Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесін бітірген. Еңбекжолын 1980 жылы бастаған. Түрлі жылдары Қарағанды политехникалық институтында,Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде, Білім және ғылымминистірлігінде, «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ, «ҚазақстанҒарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ жұмыс істеген. 2016–2019 жылдары — қорғанысжәне аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі. 2019 жылғы сәуірде цифрлық даму,қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды.

Асхат Оразбек 1976 жылы Қарағанды қаласында туған.Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын1995 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Қолданбалы математика институтызертханасының инженері болып бастаған. Түрлі жылдары ҚР Президент ӘкімшілігініңАқпараттандыру және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімі секторының меңгерушісіболды, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және «Зерде» ұлттықақпараттық-коммуникациялық холдингі» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Транстелеком» АҚбасшылық лауазымдарды атқарды. 2017 жылдың ақпанынан бастап ҚР Блокчейн жәнекриптотехнологияларды дамыту қауымдастығының вице-президенті болды. 2019 жылғысәуірде цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болыптағайындалды.

Абылайхан Оспанов 1986 жылы Алматы қ. дүниеге келген.Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Ш. Уәлиханов атындағыКөкшетау мемлекеттік университетін бітірген. Түрлі жылдары «Жасыл Ел» жастареңбек жасақтары республикалық штабында, түрлі коммерциялық ұйымдарда, «Ұлттықақпараттық технологиялар» АҚ, ішкі істер, байланыс және ақпарат, көлік жәнекоммуникациялар, инвестициялар және даму министрліктерінде, ҚР ақпарат жәнебайланыс агенттігінде, «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратының қабылдауында,«Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ жұмыс істеді. 2017–2019 жж. «Азаматтарғаарналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасы болды. 2019жылғы сәуірде цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріболып тағайындалды.

Дарын Тұяқов 1969 жылы Алматы облысында дүниегекелген. Ю.В. Андропов атындағы Ленинград жоғары әскери-саяси әуе қорғанысыучилищесін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, РФ Президентіжанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясынХалықаралық бизнес академиясын бітірген. Еңбек жолын 1990 жылы бастаған. Әуеқорғаныс күштері радиотехникалық әскер жеке радиолокациялық ротасыныңкомандирінің орынбасары, ҚР Әділет министрлігінің жетекші кеңесшісі болып жұмысістеді. 2002 жылдан 2018 жыл аралығында «Қазақтелеком» АҚ түрлі қызметтерде —заң бөлімінің бастығынан бас директорға, Аппарат басшысы, Басқарма мүшесінедейінгі қызметтерді атқарды. 2018–2019 жж. — ақпарат және коммуникацияларвице-министрі. 2019 жылғы сәуірде цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарышөнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар