Цин әулеті кезіндегі зираттарды қазып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Юньнань провинциясының Чусюн облысы Луфын ауданы Хыпин калашығының тұрғыны (Оңтүстік Батыс Қытай) Цин әулеті билеген тұстағы зираттарды заңсыз қазғаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Ол бір жылдың ішінде 19 моланы ашқан.

Ер адам зиратты тарихқа деген қызығушылықпен емес, табылған заттарлы сату мақсатында ашқан. Күрек пен пышақтың көмегімен «әуесқой-археолог» ерекше «олжаға» кенелген, олар - құмнан жасалған құмыра, тәрелке, асхана құралдары және басқа да құнды тарихи жәдігерлер. Бұл заттарды қайтыс болған адамды жерлеген кезде қабірге марқұммен бірге көмген.

Табылған олжаларын Ли есімді қытайлық 2012 жылғы шілдеде сатқан.