Cиноптиктер демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 2017 жылғы 12-14 тамызға арналған ауа-райы болжамын жариялады.

Биіктік барометрлік ойпаттар Таймыр аудандарынан Қазақстанға ылғалды және салқын ауа алып келеді, осының әсерінен республиканың көптеген бөліктерінде ауа температурасы төмендейді. Сондай-ақ кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, кейбір аудандарда тұман түсіп, бұршақ жауып, жел күшейеді. Температуралық фон солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде 2-12 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз 15-25-тен 20-30 градусқа дейін біртіндеп жоғарылайды», - делінген хабарламада.

Астанада 11 тамызда ауыспалы бұлт шығады, өткінші жауын жауып, күн күркірейді, бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен 9-14, екпіні 15-20 м/с. Түнде температура 8 10°С, күндіз 13 15°С. 12 тамызда ауыспалы бұлт шығады, түнде жаңбыр жауады, күн күркірейді. Жел солтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с. Түнде температура 7 9°С, күндіз 16 18°С. 13 тамызда ауыспалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 9-14 м/с. Түнде температура 11 13°С, күндіз 20 22°С.

Алматыда 11 тамызда ауыспалы бұлт шығады, күндіз өткінші жауын, күн күркірейді. Желдің күші 2-7, екпіні 12 м/с. Түнде температура 19 21°С, күндіз 29 31°С.

12 тамызда ауыспалы бұлт шығады, өткінші жауын жауып, күн күркірейді. Желдің күші 2-7, екпіні 12 м/с. Түнде температура 17 19°С, күндіз 21 23°С.

13 тамызда ауыспалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Түнде температура 13 15°С, күндіз 26 28°С.