Цирк шоуы кезінде піл 2 метрлік биіктіктен құлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Могилев қаласында «Дзива» цирк шоуының кезінде піл екі метрлік биіктіктен құлап түсті, деп жазады LifeNews.

Куәгерлердің айтуына қарағанда, үйретілген піл артқа шегініп қалып, шамамен екі метрлік биіктіктен төмен құлаған. Абырой болғанда, әртістер мен көрермендердің ешқайсысы жарақат алған жоқ.

Бейнежазбадан қарасақ, жануар құлап түскеннен соң көмекке цирк қызметкерлері сондай-ақ шоуға қатысқан өзге пілдер де көмекке жөнелген.