Cisco: Алдағы 5 жылда 5,4 млрд адам ұялы телефонды қолданады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Cisco компаниясы ұялы байланыс трафигінің алдағы 5 жылда дамуына болжам жасады. Болжамға сенсек 2020 жылы жер бетінде 5,4 млрд адам ұялы телефонды қолданса, тұрақты электр қуаты тек 5,3 млрд адамға қолжетімді болады.

Cisco сарапшылары бес жылдан соң ұялы байланыс трафигі 9 есеге өсіп - айына 44-тен 366,8 эксабайтқа ұлғаяды (1 эксабайт - миллион терабайтқа тең) деп күтуде. Бұл Инстаграмдағы 81 трлн жазбағ, YouTube видеохостингіндегі 7 трлн видеоға тең. Ұялы байланыс арқылы деректер алмасудың орташа жылдамдығы 6,5 мбит/с-ке артады, оған 4G (LTE) желісінің таралуы мен байланыс желісінің бесінші буыны - 5G әсерін тигізеді.

Болжамда интернетке қосылған құрылғылар саны 2016 жылдың соңында 5 млрд болса, 2020 жылы - 25 млрд-қа жетпек.