Цитрус өсімдіктерді қыста тұтыну денсаулыққа зиян екендігі анықталды

АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Апельсиндерді, мандариндерді және басқа да цитрус өсімдіктерін қыс кезінде тұтыну адамның иммунитетін тежеп, денсаулыққа зиян келтіреді. Австралияның диетолог-ғалымы Карл-Хайнц Вагнер өзінің зерттеулерінде осындай қорытындыға келді, деп хабарлады Утро.ру.

Зерттеуші ежелгі қытай медицинасының талаптарына сүйене отырып, осындай байлам жасады, онда салқын кезеңде цитрус өсімдіктерін пайдалануды шектеу туралы айтылған. Вагнердің айтуынша, цитрустарды тоңазытылған жемістер, көкөніс, сондай-ақ зімбір, зире сияқты асқа қосатын әртүрлі дәмдеуіштер алмастыра алады.