СҚО төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мәліметтеріне сүйене отырып, өңір аумағында ескерту жариялады.
Мамандардың айтуынша, 3 шілде күні кей жерлерде найзағай ойнайды.
Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Бұл күні де аптап ыстық сақталып, ауа температурасы 35-39 градусқа дейін жетеді. Яғни өрт шығу қаупі арта түспек.
Петропавлда да найзағай ойнап, 15-20 м/с жел тұрады. Күн 35-37 градусқа дейін ысиды.
Осыған байланысты СҚО ТЖД тиісті қауіпсіздік шараларын ұстануға кеңес береді. Төтенше жағдай бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 112 нөміріне хабарласуға болады.