Атланттағы корпорацияның штаб-пәтерінен қысқартуға ілігетіндер саны көбірек болатын сыңайлы, алдын ала деректер бойынша, шамамен 10 пайызға жуық қызметкерлер жұмысынан айырылады.
Сондай-ақ компанияда дәстүрлі рождестволық кеш те өткізілмейтін болды.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Coca-Cola компаниясы 15 жыл ішінде адамдар санын қысқартудан рекорд жасады. Wall Street Journal деректері бойынша, компания таяу аптада әлем бойынша бірден екі мыңға дейін қызметкерлерін қысқартуды жоспарлауда, деп хабарлады utro.ru.