«Cola» сусынына қосылған: ҰҚК метамфетаминнің ірі партиясының контрабандалық арнасын жойды

Фото: Фото: ҚР ҰҚК

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен метамфетаминнің ірі партиясының контрабандалық арнасын жойды.

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Шымкент қаласында жүргізілген операция нәтижесінде есірткі алуы барысында осы арнаны ұйымдастыруда күдікті шетелдік азамат ұсталды.

Ауыр жүк көлігін тексеру барысында «Cola» сусынында еріген 90 литрден астам есірткі табылып, тәркіленді.

Сараптамамен сұйықтықтың құрамындағы тыйым салынған заттардың концентрациясы 80% - дан асатыны анықталды.

Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.

«ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді»,-делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі