Galaxy Research зерттеушілерінің мәліметінше, үш кезеңмен жасалған кибершабуылдар барысында 1200-ден астам криптоәмияннан жалпы құны шамамен 89 миллион доллар болатын 1000-нан астам биткоин шығарылған. Алайда мамандар зардап шеккен барлық әмиянда дәл осы осал бағдарламалық жасақтама қолданылғаны әзірге расталмағанын атап өтті.
Coldcard құрылғыларын өндіретін канадалық Coinkite компаниясы бағдарламалық қамтамасыз етудің жаңартылған нұсқасын шығарды. Дегенмен компания бұл жаңарту осал нұсқалар арқылы бұрын жасалған сид-фразаларды (қалпына келтіру құпия сөз тіркестерін) қорғай алмайтынын ескертті. Осыған байланысты пайдаланушыларға жаңартылған бағдарламаны қолданып жаңа сид-фраза жасап, барлық криптоактивтерін жаңа әмиянға көшіру ұсынылды.
Coinkite компаниясының бас директоры Родольфо Новак X әлеуметтік желісінде жариялаған мәлімдемесінде көпшіліктен кешірім сұрап, компанияның «болған жағдайға қатты қапаланғанын» және микробағдарламадағы қателік үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алатынын айтты.
Бұған дейін АҚШ-та криптовалюталарды реттеуге арналған жаңа ережелер әзірленіп жатқаны хабарланған болатын.