Cолтүстiк Қазақстан облысында жеңiмпаздар форумы өттi (ФОТО)

АСТАНА. Солтүстiк Қазақстан облысында тұрғындардың қатысуымен «Бiрлiк! Тұрақтылық! Жасампаздық!» өңiрлiк форумы өттi. Салтанатты шараға «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының төрағасы, облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов қатысты.

«Бұл - бiздiң ортақ жеңiсiмiз, барша Қазақстан халқының жеңiсi. «Нұр Отан» - игi iстер мен үлкен жетiстiктер партиясы. Елбасы партиясының мақсаты - елдiң бiрлiгiн, татулығын сақтау, экономиканың өсiмiн қамтамасыз ету. Бұл жұмыстардың барлығы партияның сайлауалды тұғырнамасынан орын алды. «Нұр Отанға» деген халықтың сенiмi жылдар өткен сайын арта түскенiн кешегi сайлау дәлелдедi», - дедi Ерiк Сұлтанов.

Алдын-ала ақпарат бойынша Қазақстан Республикасы Парламент Мәжiлiсi мен мәслихаттар депутаттары сайлауына 81,57% солтүстiкқазақстандық қатысқан.

Жиын барысында Солтүстiк Қазақстан облысының құрметтi азаматы, еңбек ардагерi Құдайберген Қалиев, гуманитарлық-техникалық колледждiң директоры Александр Мерк, облыстық балалар ауруханасының бас дәрiгерi, «Нұр Отан» партиясының қалалық саяси кеңесiнiң мүшесi Олег Завьялов, кәсiпкер, облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалының саяси кеңесi бюросының мүшесi Александр Казанцев, «Қоғамдық келiсiм» КММ директоры Әсемгүл Есқожа және М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң студентi Екатерина Старостина форум қатысушыларын құттықтады.

Солтүстiкқазақстандықтарды Солтүстiк Қазақстан облыстық филармониясының жеке орындаушысы Дәмеш Құрманкина, «Сәлем», «Забияки» топтары, «Қызылжар» ұлттық әндер ансамблi мен өзге де шығармашылық ұжымдар құттықтады.