Актерге Netflix платформасындағы One Piece сериалында Санджи рөлін сомдағаннан кейін танымал бола бастады.
Бұдан бөлек, Таз Скайлар режиссер Филип Барантинидің Boiling Point («Қайнау нүктесі») фильмі мен сериалында, Cleaner («Тазалаушы») экшн-триллерінде, The Kill Team («Өлім тобы») әскери драмасында және Agatha Raisin («Агата Рэйзин») детективтік-комедиялық сериалында ойнаған.
Скайлар актерлікпен қатар сценарист, режиссер және продюсер ретінде де еңбек етеді. Сонымен бірге экстремалды спорт түрлерімен белсенді айналысады.
Фестиваль аясында ол басты сахнада жанкүйерлерімен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап береді, сондай-ақ қолтаңба тарату және фотосессияларға қатысады.
Comic Con Astana 2026 аясында Қазақстанға халықаралық Silk Way Star телевизиялық вокал байқауында Оңтүстік Кореяның атынан өнер көрсеткен оңтүстіккореялық Kandis K-pop тобы да келеді.
Comic Con Astana — Орталық Азиядағы заманауи поп-мәдениетке арналған ең ірі фестиваль. Ол жыл сайын кино, сериал, аниме, комикс, бейнеойын және косплей жанкүйерлерін біріктіреді. Биыл фестиваль дәстүрлі түрде екі алаңда — Barys Arena мен «Алау» мұз сарайында өтеді.
Бағдарламаның маңызды бөлігі саналатын халықаралық косплей байқауының жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды. Comic Con Astana фестивалінің билеттері comicconastana.kz ресми сайтында сатылымда.
Бұған дейін Астанада өткен BaiQymyz-2026 фестивалінде 60-тан астам қымыз өндіруші өз өнімдерін ұсынғанын жазғанбыз.