Сонымен қатар 1 қарашадан бастап елде қоғамдық тамақтану жұмыстарының қызметі шектеледі. Жұмыс күнін 6:00-ден бастауға және 23:00-ден кешіктірмей аяқтау талап етіледі. Жаңа ережелер 12 жастан асқан барлық адамдар үшін қолданылатын болады.
Әзербайжан билігі арнайы карантин режимін 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартты. Барлық қолданыстағы шектеулер күшінде қалды. Атап айтқанда, еске алу рәсімдерін өткізуге тыйым салынады, үйлену тойларында және басқа да мерекелерде шектеулі қонақтардың қатысуына рұқсат етіледі. Барлық осындай іс-шараларға қатысушылар тек вакцинация туралы сертификаттар болған жағдайда ғана жіберіледі.
Украинада пандемия басталғаннан бергі бір күн ішінде анықталған коронавирус жағдайларының саны бойынша тағы бір антирекорд тіркелді-26 810 жаңа жағдай.