«Коронавирус жұқтырған науқастардың ішінде сегізінің жағдайы нашар. Төртеуі жасанды вентиляцияда, жағдайы күнделікті республикалық бас мамандармен талқыланып, бақылауда болады. Сонымен қатар, орташа жағдайда - 30 науқас, жеңіл немесе симптомсыз жағдайдағы 244 науқас бар. Өкінішке қарай, Ақмола облысының бір тұрғыны қайтыс болды. Қазіргі уақытта 21 науқас емделіп шыққан. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында - 14 адам, Алматы қаласында - 7 адам», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
19:33, 30 Наурыз 2020
COVID-19 жұқтырғандардың ішінде 21 науқас емделіп шықты – министр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі уақытта 21 науқас емделіп шыққан. Бұл туралы елдегі коронавирус инфекциясы бойынша ағымдағы жағдай жайлы онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.