Спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Цзуньи қаласында өтетін әйелдер арасындағы спорттық гимнастикадан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы жарияланды.

Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, ересектер арасындағы жарыста Дарья Ясинская, Эвелина Ежова, Амели Нукушева, Амина Халимарден және Радмила Тарасова ел намысын қорғайды.

Ал құрлық біріншілігінде жасөспірімдер құрамасы сапында Ева Тациева, Илана Раздыкова, Ульяна Пухова, Екатерина Лебедь және Саида Қасымжанова өнер көрсетеді.

Азия чемпионаты 25-28 маусым аралығында өтеді.

Қазақстандық жеңіл атлет Кристина Овчинникова Нидерландының Хенгело қаласында өткен беделді FBK Games халықаралық турнирінде қола медаль жеңіп алғанын жазған едік.