Көпшілікке сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары, қолдан жасалған зергерлік әшекейлер, ағаштан, былғарыдан, сүйек пен металдан жасалған заттар, керамика, өңір дизайнерлерінің киім топтамалары және жергілікті суретшілердің туындылары ұсынылды.
Жәрмеңкеде шеберлік сабақтары, театр қойылымдары және JAIYQ.CORP тәуелсіз арт-кеңістігінің шығармашылық бағдарламасы да ұйымдастырылды.
Екі күн ішінде жәрмеңкеге 10 мың адам барып, Атырау облысының креаторлары жалпы 15 млн теңгенің өнімін сатты.
Creative Aimaq жобасы отандық креативті индустрия өкілдерін қолдауға, жергілікті брендтерді кеңінен танытуға және шығармашылық өнімдерді өткізуге жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруды көздейді.
Жоба аясында ендігі кезекте елордада Батыс Қазақстан облысының креативті жәрмеңкесі өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін елордада Қызылорда облысының креативті индустриялар жәрмеңкесі өтті.