Цукерберг бала дүниеге келместен бұрын қабылданатын мектеп ашпақ
16:26, 24 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы және бас директоры Марк Цукерберг жұбайы Присцилла Чан тегін бастауыш мектебін ашады. Оқу орнының жаңа түрін іске қосатыны жайлы ол Facebook-тағы өз парақшасында жазды, деп жазады шетелдік БАҚ.
Сабақ үш жастан басталады. Оқушыларға 12 жас, яғни мектепті аяқтағанға дейін медициналық қызмет көрсетіледі. Оқу орны калифорниялық Ист Пало Альто қаласында ашылмақ. «Присцилла білім мен денсаулық сақтауды біріктіретін жаңа білім беру түрін іске қосқаны үшін қуаныштымын», - деді Марк. Оның алғашқы оқушылары аз қамтылған отбасылардан болмақ. Мектеп 2016 жылғы тамыздан бастап өз жұмысын бастайтын болады. Фото: Mark Zuckerberg