Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
«Біз өміріміздің соңына дейін қазіргі таңда құны 45 миллиард доллар болатын Facebook акцияларының 99%-ын қайырымдылыққа жұмсаймыз. Осылайша әлемді гүлдендіруге үлес қоспақпыз», - деп жазды Цукерберг әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұл жазбаны ол өзінің кішкене қызы дүниеге келуіне байланысты жариялаған, ерлі-зайыптылар бүлдіршіннің атын Макс деп қойған.