Өткен жексенбіде әлеуметтік желіні пайдаланушы Стив Стивенс 74 жастағы қарияны атып өлтірген болатын. Стивенс қылмысын жасау барысында Facebook-тің тікелей эфиріне қосылған және бұған дейін де бірнеше адамды өлтіргенін айтқан. Бірақ бұл мәлімдемелерінің нақтылығы әлі анықталмады. Кейін белгілі болғандай, Пенсильвания штатында полицейлерден қашпақ болған Стивенс, өз-өзіне қол салған.
"Біз мұндай қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз», - деп мәлімдеген Цукерберг қаза болған Кливленд тұрғыны Роберт Гадвиннің туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Ол «компания алдында қыруар жұмыс тұрғанын» қосып өтті.